Құрбан айтта ХҚКО-лары жабылады

Құрбан айтта ХҚКО-лары жабылады
gov.kz

Қазақстанда Құрбан айт мерекесіне байланысты 27 мамыр күні барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл шектеу кезекші бөлімдерге де қатысты болады.

Азаматтарға мереке күнінен кейін барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне қайта оралып, қалыпты режимде қызмет көрсететіні ескертілді.

Осыған байланысты құжат рәсімдеу, анықтама алу немесе басқа да мемлекеттік қызметтерді пайдалануды жоспарлаған азаматтарға алдын ала уақытты ескеру ұсынылады.