Freedom Inside '26

"Талантын күйеуі тұншықтырған". Танымал әншінің ескі видеосы тарады

"Талантын күйеуі тұншықтырған". Танымал әншінің ескі видеосы тарады
видео кадры

Әлеуметтік желіде танымал әнші Бейбіт Сейдуалиеваның ескі видеосы тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Желі қолданушылары оның теңдесіз даусына сүйсініп, "құдды америкалық әншінің өзі орындап жатқандай әсер алғанын" жеткізген. Сондай-ақ, қазір оның жиі көрінбей кетуінің себебін отбасылық өмірімен байланыстырған.

"Мынау әнші қыздың талантын күйеуі тұмшалап тастаған екен-ау... Обал-дағы-ай. Марқұм Уитни Хьюстонның өзін тыңдағандай болдым ғой... Тек ЖИ демеңдер. ЖИ дегенді ешкім естімеген кезде түсірілген видео екені көрініп тұр", - деп жазды желідегілердің бірі.
Айта кетейік, Бейбіт Сейдуалиева - белгілі эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының иегері.