Қостанай қаласында әйелдің таксиде шу шығарып, жүргізуші зорлады деген видеосы қоғамда резонанс тудырған еді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2023 жылдың 24 желтоқсанында Қостанай полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, такси жүргізушісі екеуі арасында жанжал туындағанын хабарлаған. Қыздың полицияға жүгінуіне жанжал себеп болған.
Такси жүргізушісі қыздың нақты тұрған жеріне емес, мобильді қосымшада көрсетілген мекенжайға алып барған. Нәтижесінде, қыз бен жүргізуші арасында жанжал болып, бойжеткен таксисті зорлады деп айыптады.
Алайда полицияның мәліметінше, әйелдің жазықсыз жүргізушіге жала жауып жатқаны әшкере болды.
"Қол жүгіртті деп құзырлы органға көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін жауапқа тартылған қостанайлық тұрғын құқық бұзушылық үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Айыппұл сомасы - 110 760 теңге", - деп жазды полиция департаментінен.