Тәжікстанда анасын тірідей көмген қаныпезер сотталды

Dalanews 14 ақп. 2017 09:57 704



Тәжікстанда анасын тірідей көмген Хатлон облысының тұрғынын 25 жылға соттады. Судья Назирбек Азизи 24 жастағы Тагоймурод Миров былтыр қыркүйек айында отбасылық жанжал кезінде анасын күрекпен ұрып, кейін үйінің ауласына тірідей көмгенін айтты.





​Сот шешіміне сәйкес, Тагоймурод Миров Қылмыстық кодекстің 104-бабы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша айыпты деп танылған. Ол барлық кінәсін мойындаған. Судьяның сөзінше, сотталушы анасынан алтын бұйымдарын сұраған. Қарсы болған анасын күрекпен ұрған.

Қатыгез оқиға жөнінде құқық қорғау органдары БАҚ-қа хабарлаған. 53 жастағы Қайнар қышлағының тұрғыны Садафмо Нуровойдың денесі бір метр тереңдіктегі шұңқырдан табылған. Әйелдің қол-аяғы, аузы байланған.

Көршілер Садафмоның жоғалып кеткенін байқаған. Тагоймурод көршілердің сұрақтарына із-түссіз жоғалып кетті деп жауап берген. Кейін көршілер милицияға хабар берген. Сотталушының туыстары сот үкімімен келіседі.

Сарапшылар Тәжікстанда жақын туыстарын өлтіру әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауынан туындап отыр, адамгершілік құндылықтары төмендеп бара жатыр дейді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар