Таиландтан келген сәлемдеме: есірткі контрабандасын ұйымдастырушы 16 жылға сотталды

Таиландтан келген сәлемдеме: есірткі контрабандасын ұйымдастырушы 16 жылға сотталды
ашық дереккөз

Алматыда алқабилердің қатысуымен өткен сот Таиландтан есірткі контрабандасын ұйымдастырушыны кінәлі деп танып, оны 16 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу мен сот дерегіне сүйенсек, сотталушы халықаралық пошта арқылы гашиш майын елге заңсыз әкелуді ұйымдастырған. Есірткі сәлемдемелердің ішіне жасырылып, ештеңеден күдіктенбеген туыстары мен таныстарының атына рәсімделіп отырған.  

Құқық қорғау органдары контрабанданың бірнеше дерегінің жолын кесіп, 5,7 келіден аса каннабис сығындысын тәркіледі. Бұдан бөлек, сотталушыдан есірткі мен заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.