Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз режим талаптарын қатаңдатады

Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз режим талаптарын қатаңдатады
ЖИ: Dalanews.kz

15 қыркүйектен бастап Қазақстан азаматтары Таиланд аумағында визасыз режим бойынша бұрынғыдай 60 күн емес, тек 30 күн ғана бола алады. Бұл туралы Қазақстанның Таиландтағы елшілігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңа тәртіпке сәйкес, қазақстандықтар елде әрбір 180 күндік кезең ішінде жиынтық түрде 90 күннен артық тұра алмайды.

Осылайша, Таиландта ұзақ уақыт демалуды немесе қыстауды жоспарлаған азаматтарға сапар мерзімін мұқият есептеуге тура келеді. Әсіресе Пхукет пен өзге де туристік өңірлерде бірнеше ай болуды көздейтіндер үшін жаңа талаптарды ескерудің маңызы артады.

Бұған дейін қазақстандықтар Таиландта визасыз 60 күнге дейін бола алатын еді. Енді бұл мерзім екі есе қысқартылып отыр.