Израиль мен Иран арасындағы шиеленістің күшеюі әлемдік мұнай бағасының өсуіне түрткі болды. 8 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз айына арналған фьючерстері 3,6%-ға қымбаттап, бір баррелі 96,7 долларға жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сонымен қатар, WTI маркалы мұнай бағасы 93,5 долларға дейін көтерілсе, Urals маркасының құны 86,3 доллар болды.
Сарапшылар мұндай өсімді нарықтағы геосаяси тәуекелдердің артуымен байланыстырып отыр. Олардың пікірінше, инвесторлар Парсы шығанағындағы мұнай жеткізіліміне қауіп төнуі мүмкін деген алаңдаушылық танытуда.
Әсіресе, әлемдік мұнай тасымалы үшін стратегиялық маңызы жоғары Ормуз бұғазы төңірегіндегі ахуал басты назарда қалып отыр.
Мәліметтерге сүйенсек, АҚШ пен Израильдің Иранмен текетіресі басталған 100 күн ішінде Ормуз бұғазы арқылы шамамен мыңға жуық кеме өткен. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда бұғаздағы бір апталық кеме қозғалысына пара-пар.