Сизиф туралы миф

Dalanews 30 мам. 2015 04:02 1386

380

Құдайлар Сизифке орасан зор тасты тау басына домалатып шығаруды бұйырды. Бірақ тас өз салмағымен қайтадан төмен қарай домалап түседі. Оның бұл үмітсіз жұмыстан асқан қорқынышты жазаның жоқтығына сенуге деген дәлелі бар еді. Егер Гомерге сенсек, Сизиф шындығында ең ақылды, зерек адам. Бірақ және бір нұсқада оған жол жасау жұмыстары жүктеледі.

Альбер КАМЮ, француз жазушысы, Нобель сыйлығының иегері

Бұдан ешқандай қайшылықты көруге болмайды. Оның не үшін тозақта үмітсіз еңбек етушіге айналып қалғаны туралы біркелкі пікір де жоқ. Басында ол құдайға құрмет етпеді деп айыпталған, ол құдайдың құпиялығын ұрлады. Асонияның қызы Эгифаны Юпитер ұрлап кетеді. Эгифаның әкесі қызының жоғалғанына қатты азаптанып Сизифқа айтады. Сизиф шындықты білетін, егер ол Коринф қаласына су жеткізетін болса, оған болған жайды ашатынын айтады. Демек, аспан найзағайына қарағанда судың пайдасы зор екенін жақсы түсінетін, сол себепті ол тозақта жазаланды.

Гомер жәнеде Сизиф жан алушы Танатты шынжырмен бұғаулап тастады дейді. Тозақ құдайы Апулу өзінің тыныш және іш пыстырар жағдайда қалуына шыдай алмай соғыс құдайын жіберді, ол ажал құдайын бұғаудан азат етті.

Сизиф өлер алдында әйелінің сүйіспеншілігін сынап көрмекші болған деген көзқарас бар. Ол әйеліне өзінің тәнін жерлемеуді және құрбандық шалмауды бұйырады, өзі тозақтан бірақ шығады. Ол тозақта бөтен адамды сүюден тартқан азаптан қасіреттенді. Бірде тозақ құдайының тағына жақындап келді де, шалынбаған құрбандықтар үшін жер бетіне қайтып әйелін жазалауға рұқсат алды. Бірақ мөлдір суларды, шуақ сепкен күн нұрын, толқыған теңіздерді көріп тозақ түнегіне қайтқысы келмеді. Өзін тозаққа шақырып жеткен азаптағыш дыбыстарды, ашулы ескертулерді де елемеді. Ол теңіз жағасында теңіз толқындарына қарап, жердің мейірімді құшағында тағы біраз жыл өмір сүрді. Құдайдың бұйрығы жүзеге асып, Меркурий ақылды адамды жағасынан ұстап бақытты өмірден алып шығып, тозаққа кіруге мәжбүрлейді. Ол үшін тозақта үлкен бір тас даярланып қойылған еді.

4mCR8auoANQСизифтың ең дұрыс ісі күшті құштарлығының және жан азабының болғаны. Сизифтың құдайды масқара қылуы, өлімді жеккөруі, тіршілікке ерен махаббаты оны азапты жазаға душар етті. Бүкіл адамдардың барлығы өнімсіз құлшыныстар жасайды, бұл өмірге деген құштарлық себебінен болған. Сизифтың тозақтағы өмірі туралы біз ештеңе айта алмаймыз. Аңыздардың пайда болуындағы себеп – өмірдің өзіндегі идеяларды алып шығу. Бұл аңыздан адамдардың көретіні шыныққан тәннің үлкен тасты бірнеше жүз мәрте көтеруі, қайта домалап кеткен тасты бар күшімен жоғары итеруі. Адамдардың көретіні тасқа бекем жабысқан әлпет және иек, батпаққа былғанған, жерге сіңіп бара жатқан аяқ, екі шеке ашылып күшене бастағанда батпаққа батқан қолмен бүтін дененің әрекет жасауға тосалғы болуы. Бұл жерде өткен заман және қараңғы мекенде өлшенетін ұзақ уақытқа созылған күрестің ақырласуы болмағандықтан, мақсат іске асқан. Кейін Сизиф тастың ту еңіске домалап түсіп кеткенін көреді. Ол кезде тасты қайтадан тау шоқысына қарай домалататын еді.

Ол тау етегіне қарай түсіп келе жатыр, оның қайтып келіп, бір сәт тыныстап алуы мені өзіне қызықтыра түсті. Тасқа бекем жабысып, азап таңбасы көрінген әлпетінің өзі тасқа айналып кеткендей. Мен оның таудан түсіп, ауыр әрі біркелкі қадаммен мәңгі болжай алмайтын азапқа қарай жүргендігін көрдім. Бұл бір сәттік тыныстап алу орайына ұқсағанымен, бәсеке майданының ашылуы оның азабына ұқсас қайта пайда болатын еді. Бұл санадағы бір сәт еді. Әрбір әрекетінде ол таудан айрылып, ақырын-ақырын құдайдың территориясына жұтылып бара жатса да, өз өмірінен үмітті еді, әлгі ауыр әрі орасан зор тастан да мығым болатын.
Егер осы себептен тау баурайы бірде қайғылы болса, ол да қуаныш болмақ, бұл сөз әр сәт шектен асып кетпеген. Мен және бір жолы Сизиф тасының жанына қайтып келгенін, қайтадан қасіреттің басталғанын ойлаймын. Көріністердің өзі естелікке айналып, бақыттың шаттық әуені көп қайталанып кеткенде, адамдар жүрегіне мұң ұялай бастайды. Бұл тастың жеңісі һәм өзі болмақ.

Егер бұл аңыз трагедия болатын болса, бас кейіпкердің саналылығы себебінен болды. Рас, егер нәтиже шығарамын деген үміт оны өзіне тәуелді етіп алса, оның азабы және қай жерде болмақ?  Ал бүгінде адамдардың мағынасыз әрекеті үздіксіз қайталануда, бұндай тағдырда трагедиядан еш кем емес. Тек санамен сезінген жағдайда ғана – осының бәрі трагедия.  Сизиф құдайлар ішінде жаңашыл болғанымен, билігі жоқ, мүмкін құдайлар үшін бүлікшіл. Ол өзінің қасіретті халінің қай деңгейде екенін бағамдайды, міне, бұл оның тау баурайында ойлайтыны, азапты ояну санаға түрткі салғанмен, мазаққа ұшырамайтын тағдыр жоқ!

Егер осы себептен тау баурайы бірде қайғылы болса, ол да қуаныш болмақ, бұл сөз әр сәт шектен асып кетпеген. Мен және бір жолы Сизиф тасының жанына қайтып келгенін, қайтадан қасіреттің басталғанын ойлаймын. Көріністердің өзі естелікке айналып, бақыттың шаттық әуені көп қайталанып кеткенде, адамдар жүрегіне мұң ұялай бастайды. Бұл тастың жеңісі һәм өзі болмақ. Шексіз қайғының салмағы адамға маңызды міндетке деген жауапкершілікті ұмыттырады, міне, бұл Гефимп бақшасының түні. Бірақ мойындалғаннан кейін адамның болмысын тасталқан ететін ақиқат жоғалды. Сонымен Эдиф өз шындығын білмейтін кезінде тағдырға бойұсынған еді, шындықты білгеннен кейін оның қасіреті басталды. Сонымен бір уақытта ол мақсатсыз,  үмітсіз түрде өзімен әлемді байланыстырып тұрған бірден бір дәнекер қыз баланың нәзік саусақтары екенін аңғарды. Осыдан кейін үрейлі жаза майданына шықты. «Сансыз азап майданының ашылуы менің көз жасымды сарқумен қатар рухымды бекемдеп, нәтиже жаратуымның тірегі болды. Бұлардың барлығы шынында жақсы екен», сол себепті Софоклдің Эдипіне, Достоевскийдің Крыловына ұқсас мағынасыз жеңісін сыйлайды. Ерте дәуірдегі даналық, қазіргі дәуірдегі қаһармандықты сомдайды. Адамдардың мағынасыздықты байқауын мағына жөніндегі бақыт сөздігіне енгізу емес, бірақ тек бір дүние бар, бақыт пен мағынасыздық әлемнің егіз ұғымы екенін парықтамасақ болмайды. Бақытты тек санасыздықтың байқалуын мінбе қылады деу де қате, керісінше оқыстан мағынасыздықты еске алу сезімі бақыт себебінен болады.  «Мен бәрі жақсы болар деп ойлаймын!». Эдиптің осы сөзінде айтылған мінсіз үкім адамдардың жабайы әрі шекті әлеміне түрткі салып, ешнәрсе жоқ, шексіздікте болмаған дейді. Ол құдайды дүниеден қуып шығып қайтып келгенде, наразылықпен өнімсіз еңбекке болған махаббатын алып келді. Ол тағдырды адамдардың өз мәселесіне айналдырып қойған, сондықтан бұл мәселе сөзсіз адамдар арасында шешім табуы керек.
Сизифтің тағдыры өзіне тиесілі, оның тасы – өзінің меншігі. Сондай-ақ, абсурд адамы өзінің азабын ойлағанда барлық нәрсені құдайдай тыныштыққа айналдырып жібереді. Кенет тыныштық орнына келген әлемде, жер бетінде жөңкіліп жүрген әлсіз дыбыстардың барлығы ұшып шығады.

SisyphusСизифтің тағдыры өзіне тиесілі, оның тасы – өзінің меншігі. Сондай-ақ, абсурд адамы өзінің азабын ойлағанда барлық нәрсені құдайдай тыныштыққа айналдырып жібереді. Кенет тыныштық орнына келген әлемде, жер бетінде жөңкіліп жүрген әлсіз дыбыстардың барлығы ұшып шығады. Сана астындағы жасырын айғай әртүрлі бет-бейненің жеңісі үшін үлкен бұрылыс және зор бедел. Көлеңкесіз күннің болмайтыны секілді,бейне қараңғы түнді де түсіну керек. Иә, абсурд адамы «иә» дейді, бірақ оның құлшыныстары бұл жерде тоқтап қалмайды. Егер жеке адамның тағдыры бар болса – тіпті де керемет мүмкіндігінің болмауы, ең болмағанда өзінің көңілі толмайтын төмен тағдырының болмауы білерлік нәрсе емес, оның білетіні басқаларға қарағанда өз тіршілігіне қожайын екендігі. Адамдар өз өміріндегі әдемі шақтарды еске алса, Сизиф өзінің тасының жанына барып, өз тағдырын жасап шыққан. Бір жұп өзара байланысы болмаған әрекеттерді сана сүзгісінен өткізеді. Бұл хал оның шығармашылығы болып, өзінің өткенін естелік көздерімен байланыстыруға тырысқанымен, өзінің өлімі жағынан шектемеге ұшырап отырады. Бүкіл адамзаттың түпкі мәніне сенген әрекеттері жөнінде, кімге түнде жүруге болмайды дегенін білу қиялында қарбалас болып кетеді. Тас жәнеде домалай береді...

Мен Сизифті тау баурайында қалдырдым, адамдар түбі бір өз жауапкершілігін байқайды. Бірақ Сизифтің адамдарға үйрететіні құдайды мойындап, тас көтеруге болған адалдығы. Сизиф барлық нәрсе ұқсас деп қарайды, сонымен бірге ол үшін алып айтқанда қожайынсыз әлемде бостан-бос өнімсіз әрекет болмайды. Тастың әрбір бөлшектері, кешкі тауды бүркеген әрбір тау жыныстарының бөлшектерінің өзі бір дүниені құрайды. Тау шоқысына қарап ұмтылу кез келген адамның болмысында сақталған, адамдар Сизифтің қуанышы жөнінде ойлауы керек.

Дайындаған  Шалқар Дәулеткелді


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар