"Сүйінші, ағайын": Тұрсынбек Қабатовтың қызы қуанышты хабарын айтты

"Сүйінші, ағайын": Тұрсынбек Қабатовтың қызы қуанышты хабарын айтты
ашық дереккөзден

Танымал продюсер Мөлдір Мұқанның әпкесі Айгүл Түлкібайқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп dalanews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол жариялаған видеода қызы Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызының Дубай қаласындағы британ университетін сәтті тәмамдап, архитектор мамандығы бойынша дипломын үздік қорғағаны айтылған.

Айгүл Түлкібайқызы қызының шетелде бес жыл білім алып, үлкен жауапкершілікпен оқуын аяқтағанын жазды. Оның айтуынша, Әдемі сабаққа өте мұқият қарап, емтихан мен сессия кезінде талай ұйқысыз түн өткізген.

"Сүйінші! Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы Дубай қаласындағы британ университетінде архитектор мамандығы бойынша бес жыл оқып, бүгін дипломын үздік қорғады. Еңбекқор, білімді, саналы қызымыз халықаралық деңгейдегі мықты маман болып жатыр", – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол шетелде оқу оңай емес екенін, басқа елдің білім жүйесіне бейімделу үлкен еңбек пен табандылықты қажет ететінін атап өтті. Айгүл Түлкібайқызының сөзінше, Әдемі дипломдық жұмысын жазған кезде бар назарын тек білімге аударып, үлкен жауапкершілік танытқан.

"Мамасын қолдай жүріп, сабағын да қатар алып жүрген пысық қыз. Алла жар болсын", – деп жазды ол.