Си Цзиньпин пандемиядан кейінгі алғашқы сапарын Қазақстаннан бастамақ

Dalanews 05 қыр. 2022 14:04 742

Қытай президенті Си Цзиньпин Қазақстанға 14 қыркүйек күні келеді. Бұл туралы бүгін, 5 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қытай басшысының күзде Қазақстанға сапарлайтыны биыл жаздың басында белгілі болған.

7 маусым күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдап, күзгі сапар кезде хабарланған.

Осы ретте Қытай басшысы Си Цзиньпиннің пандемиядан кейін алғаш рет шетелге жасайтын сапарын Қазақстаннан бастап отырғанын айта кетуіміз керек.


Қазақстанның сыртқы саудасында Қытайдың орны елеулі. БҰҰ статистика комитетінің Қытайдан алған ақпаратынша, 2021 жылы екі ел арасында сауда көлемі 25 миллиард доллардан асқан.

Екі мемлекет "Бір жол, бір белдеу" секілді инфрақұрылымдық жобаларды да бірлесе жүзеге асырады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар