Суық антициклон келе жатыр: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Суық антициклон келе жатыр: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет

Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстанға тағы бір суық антициклон ығысып келе жатыр. Соның әсерінен әуелі солтүстік өңірлерде, кейін шығыс аймақтарда күн суытады.

Синоптиктердің болжамынша, 22 мамырда елдің солтүстігінде, ал 23 мамырда шығыс пен орталықта түнгі ауа температурасы 0-5 градус жылы шамасында болады. Кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Күндіз де айтарлықтай жылымай, ауа температурасы 10-15 градус шамасында болады.