Осылайша Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді.
Басты өзгерістер:
- Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді.
- Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
- Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.
- Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.
- Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ.
- Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады.
- Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады.
- Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.
- Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.
Тағы оқыңыз:
https://dalanews.kz/news/78063-dukenshiler-qantty-tygyp-otyr-aqtob