Freedom Inside '26

"Сұлтан басқа әйелмен жатқан": Марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы сотта сөз сөйледі

"Сұлтан басқа әйелмен жатқан": Марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы сотта сөз сөйледі
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Атыраудағы атышулы қылмыстық іске қатысты сот отырысынан үзінді тарады. Видеода марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шілмағамбетова Ақбаянға қатысты пікір білдірген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, Мақсот Қарабалин Ақбаянды 2022 жылы Сұлтанның ата-анасының үйінен себепсіз алып кетпеген. Әйелдің сөзінше, бұған Ақбаянның өзі телефон арқылы айтқан шағымы себеп болған.

"Ағам Ақбаянды 2022 жылы бекерден-бекер Сұлтанның әке-шешесінің үйінен алып кетпеді. Ақбаян телефон соғып, Сұлтанды басқа әйелмен ұстап алғанын, ендігі жерде бірге тұра алмайтынын айтқан соң ғана әкесі алып кетті. Әйтпесе әдейі араласқан ешкім жоқ", – деді Әдемі Шілмағамбетова.

Ол бұл жағдайды марқұм ағасының отбасылық мәселеге өздігінен араласпағанын түсіндіру үшін айтқан. Оның сөзінше, Ақбаян көмек сұрағаннан кейін ғана туыстары оны алып кеткен.