"Су мамандары судай тапшы". Су «патшасы» Нұржігітовты не алаңдатып отыр?

Жарас Кемелжан 30 қаң. 2024 12:33 1705


Қазақстан су қоры жағынан көрші мемлекеттерге тәуелді. Ұлы өзендердің басы Қытай мен Қырғызстанда, Ресей мен Өзбекстанда. Сондықтан да су мәселесі Қазақстан үшін өте өзекті. Су жаңа құрылған су министрлігінің басшысы Нұржан Нұржігітов су шаруашылығына қатысты бірқатар проблемаларды атап айтты.  


Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бүгін Үкімет отырысында «Су саласы үшін кадрлар даярлау «Гидромелиорация», «Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару», «Сумен жабдықтау және су бұру» (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) және «Су ресурстары және су пайдалану» білім беру бағдарламаларының топтары шеңберінде су ресурстары және су пайдалану бакалаврлары шығаратын жеті жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырылады.



Осы жылдан бастап министрлік жоғарғы оқу орындары студенттердің кәсіптік практикадан тікелей ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өндірісте өту мүмкіндігімен, одан әрі жұмысқа орналасумен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасуды жоспарлап отыр.



Сондай-ақ, биыл су шаруашылығы ұйымдарының 450-ге жуық маманы мамандандырылған орталықтар жанынан біліктілікті арттыру курсынан өтеді», - деді ведомство басшысы.


Бұдан бөлек су саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидалары әзірленген. «Министрліктің жанынан су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес құрылды.


Оның ережесі және кәсіби стандарттарды өзектендіру бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Жаңартылған кәсіби стандарттар негізінде жоғарғы оқу орындарының су саласы мамандарының кадрларын даярлауда білім беру бағдарламаларын жаңартатын болады», - деп толықтырды.


Министрдің сөзінен түсінгеніміз, Қазақстанда жас су мамандары тапшы, ал су тапшылығы жылдан жылға ауқымды проблемаға айналып келе жатыр.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар