Ертісті сақтау мақсатында Шүлбіден миллиардтаған текше метр су жіберілді

Ертісті сақтау мақсатында Шүлбіден миллиардтаған текше метр су жіберілді
gov.kz

Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзені экожүйесін сақтау мақсатында 6,4 млрд текше метрден аса су жіберілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Су жіберу көлемі секундына 3400-3500 текше метрге жетіп, бұл режим 8 күн бойы сақталған. Қазір Павлодар облысы аумағында Ертіс өзенінің жайылмасын суландыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгінде суландырылған аумақ көлемі 257,2 мың гектарға жеткен. Бұл жалпы аумақтың шамамен 76 пайызына тең.

Ертіс бассейні су инспекциясы басшысы Медет Жәдігерұлының айтуынша, Шүлбі су қоймасынан табиғатты қорғау мақсатында су жіберу жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.

Оның сөзінше, бұл шаралар балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау, жайылма жерлерді суландыру және Павлодар облысының ауыл шаруашылығына қажет жем-шөп қорын сақтау үшін қажет.