Стюардессадан миллиардерге дейін: Назарбаевтың «екінші әйелі» туралы не белгілі?

Dalanews 16 қар. 2023 09:34 1569

«Азаттық» басылымының журналистері Рахат Әлиев пен Виктор Храпуновтың айғақтары бойынша Назарбаевтың «екінші әйелі» Гүлнар Рақышеваға қатысты зерттеу жариялады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бейресми деректерге сүйенсек, экс-президенттің үш әйелі бар. Назарбаевтың ресми әйелі Сара Назарбаева мен оның үшінші, «бейресми әйелі» Әсел Құрманбаева туралы ақпарат жеткілікті болғанмен, Рақышева туралы тек сыбыс естіледі.

Журналистер «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының бұрынғы стюардессасы миллиардтаған айналымы бар бизнес бастағанын анықтады. Бұрынғы күйеу бала Рахат Әлиев "Өкіл ата" кітабында Гүлнар Рақышева мен мемлекет басшысының қарым-қатынасы «1996 жылы ерекше жақын болған» деп жазған. 26 жасында оған тіпті стюардесса болып жұмыс істеудің қажеті болмады, себебі Рақышева «Эйр Астана» компаниясының вице-президенті болды.

Крёстный тесть»

Өмірдеректі парақтасақ, Рақышева 1970 жылы 2 наурызда әкесі Ораз Рақышев борышын өтеген Мәскеу түбіндегі Тула қаласында дүниеге келген. 1981-1986 жылдары Венгрияның Мор қаласындағы Оңтүстік Қарулы Күштер тобының №70 мектебінде оқыған.

 

Рақышеваның ғана емес, әкесінің де жолы болды делінген деректе. Өйткені «Семей» әскери гарнизонында қызмет етіп, шаруашылыққа жауапты болып жүргенінде оның жұлдызы жанды. Экс-подполковник Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен бір-ақ шықты.

Басылымның мәліметінше, Гүлнар Оразқызы Алматы қаласындағы Төле би көшесі №40 үй мекенжайында тіркелген «Фирма Шарм» серіктестігінің иесі. 1998 жылы негізі қаланған компания жылжымайтын мүлікті жалға беру және шаштараз қызметімен айналысады. Statsnet деректер базасына сәйкес, фирманың жылдық айналымы – 100 миллион теңге.


Іскер әйел Алматы мен Астанадағы Sergio Group шетелдік брендтердің жиһазы мен ыдыс-аяғын сататын дүкеннен де қомақты табыс табады. Компанияның жылдық табысы төрт-алты миллиард теңгені құрайды.

Компанияның негізін Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеген Сергей Рыжаков қалаған. 2010 жылы оның екінші құрылтайшысы Гүлнар Рақышева болды.


Экс-президенттің «екінші әйелі» «Мой сервис» компаниясына да иелік етеді. Бірақ, соңғы жылдары заңды тұлғадан салық төленбегені анықталып отыр. Бұдан бөлек, ол «Барыс» қайырымдылық қорының да иесі. Қор туралы мәлімет аз-кем. Бастапқыда қордың құрылтайшысы Руслан Радмирұлы Рақышев болды. Басылым ол Гүлнардың ағасы Радмир Рақышевтың ұлы болуы мүмкін екенін жазады.

2010 жылы Гүлнар Рақышева «Бұқтырма цемент компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Гүлнәр Рақышеваның ағасы, қорғаныс саласының маманы болып жұмыс істейтін Радмир Рақышев әпкесі мен экс-президенттің қарым-қатынасы туралы әңгімені Әлиев пен Храпунов ойлап тапқан «өтірік» деп атады.

Жены Назарбаева. Что важно знать о бывших «первых» леди Казахстана - respublika.kz.media

Назарбаев өкілеттілігін 2019 жылы Тоқаевқа берді. Оның ресми өмірбаянында үш қыз тәрбиелеп өсірген Сара Назарбаеваға үйленгені айтылады. Елбасы сұхбаттарында одан басқа әйел мен балалардың атын атамаған.

https://dalanews.kz/sadak/95307-qazaqstan-reseyding-yqpalynan-eshqasha

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар