Алматыда жойқын жер сілкінісі болжанып отыр ма? ТЖД өкілі жауап берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
28 қыркүйекте сағат 09:38-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болған, жерасты дүмпуі Алматы қаласында 3-4 балл болып сезілген.
"Сейсмологиялық байқау және зертеулер ұлттық ғылыми орталығының болжам комиссиясының қорытындысына сәйкес сағат 10:30-дағы жағдай бойынша жойқын жер сілкіністері болжанып отырған жоқ. Сабыр сақтауларыңызды және ресми дерекке сенулеріңізді сұраймыз. Жағдай ТЖД бақылауында", - деді ведомство өкілі.
Еске салайық, жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 09:38-де тіркелген еді. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырым жерде болған.
Бұған дейін ТЖМ жер сілкінісі былай сезілгенін хабарлады:
- Жер сілкінісінің ошағынан 6 шақырым жердегі Алматыда 3-4 балл;
- Жер сілкінісінің ошағынан 18 шақырым жердегі Қаскелеңде 2-3 балл;
- Жер сілкінісінің ошағынан 19 шақырым жердегі Боралдай ауылында 2-3 балл;
- Жер сілкінісінің ошағынан 28 шақырым жердегі Өтеген батыр ауылында 2 балл.