Бүгін Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды dalanews.kz.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 09:38-де тіркелген. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырымда болған.
ТЖМ жер сілкінісі былай сезілгенін хабарлады:
- Жер сілкінісінің ошағынан 6 шақырым жердегі Алматыда 3-4 балл;
- Жер сілкінісінің ошағынан 18 шақырым жердегі Қаскелеңде 2-3 балл;
- Жер сілкінісінің ошағынан 19 шақырым жердегі Боралдай ауылында 2-3 балл;
- Жер сілкінісінің ошағынан 28 шақырым жердегі Өтеген батыр ауылында 2 балл.
"Сабыр сақтап, үрейге берілмеңіздер! Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер. Жағдай бақылауда", - деді Алматы қаласы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекші бөлім бастығы Ерген Батпасов.