ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісінен кейін қауіпті учаскелерді тексерді

ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісінен кейін қауіпті учаскелерді тексерді
Алматы әкімдігі

ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісінен кейін қауіпті учаскелерді тексерді, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарында, гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел қаупі бар учаскелерде тексеріс жүргізген.

"Тексеріс нәтижесінде зақымданған жерлер табылған жоқ, бұл нысандар штаттық режимде жұмыс істейді. Қираған жерлер мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеді. Жағдай тұрақты", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 09:38-де тіркелген еді. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырым жерде болған.

Бұған дейін ТЖМ жер сілкінісі былай сезілгенін хабарлады:

  • Жер сілкінісінің ошағынан 6 шақырым жердегі Алматыда 3-4 балл;
  • Жер сілкінісінің ошағынан 18 шақырым жердегі Қаскелеңде 2-3 балл;
  • Жер сілкінісінің ошағынан 19 шақырым жердегі Боралдай ауылында 2-3 балл;
  • Жер сілкінісінің ошағынан 28 шақырым жердегі Өтеген батыр ауылында 2 балл.