Степногорск прокуратурасы мектептер мен білім бөлімінің сайттарында кәмелетке толмағандардың жеке дерегі заңсыз жарияланғанын анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ашық деректерде 165 баланың мәліметі болған. Жарияланған құжаттарда олардың аты-жөні, оқитын оқу орны және әлеуметтік мәртебесі көрсетілген.
Олардың арасында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ, қамқоршылықтағы балалар да бар.
Прокуратураның араласуынан кейін бұл деректер сайттардан алып тасталды. Ал жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.