СҚО: Кәсiпкерлер мен мемлекеттiң өзара iс-қимылын жақсарту мәселесі талқыланда

Dalanews 13 қыр. 2022 02:49 855

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегiнде сағат 15:00-де Солтүстiк Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының «бiрыңғай есеп беру күнi» өтедi. Қатысуға облыс кәсiпкерлерi шақырылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есептiң бiрыңғай күнi кәсiпкерлiк субъектiлерiмен мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерiн талқылау бойынша, кәсiпкерлiк субъектiлерi мен мемлекеттiң өзара iс-қимылын жақсарту мәселесі қарастырылады деп күтілуде.

Сонымен қатар кездесуде бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша сындарлы шешiмдер тұжырымдау, қауiпсiз қызметтi жүзеге асыру үшiн кәсiпкерлiк субъектiлерi мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттiң бақылау-қадағалау қызметi реформасын iске асыру шеңберiнде мемлекеттiк бақылау және қадағалау мәселелерi заңнамасының мiндеттi талаптарын талқылау бойынша өткiзiледi.

Бiрыңғай есеп күнi Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, 1 қабат (үлкен зал). Облыс аудандарының кәсiпкерлерi БКБ (бейнеконференцбайланыс) арқылы аудандық әкiмдiктерге қатыса алады.

Iс-шараға қатысу туралы ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7152) 36-13-62 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриалық-инновациялық даму басқармасы» КММ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар