СҚО-да тәрбиешілер қаза тапқан жол апаты: тағы бір адам көз жұмды

СҚО-да тәрбиешілер қаза тапқан жол апаты: тағы бір адам көз жұмды
qaz-media.kz/ЖИ

Астана - Петропавл тасжолындағы жол апатынан қаза тапқандар саны артты. 20 қазанда ауруханада балабақшаның 57 жастағы тәрбиешісі көз жұмды. Осылайша, оқиға салдарынан қаза тапқандар саны төрт адамға жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Qazaqstan Media басылымы мәліметінше, Audi көлігінде болған 57 жастағы жолаушының өмірін сақтап қалу үшін хирургтар күрескен.

Әйелге алты сағатқа созылған күрделі ота жасалып, кейін ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Алайда дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, әйелдің жүрегі тоқтап қалған.

Осылайша, жол апатынан Жамбыл ауданының білім саласында еңбек еткен төрт адам - мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі мен үш тәрбиеші қаза тапты. 

Еске салайық, жол апаты 15 қазанда Тайынша ауданына қарасты Кременчуг ауылы маңында республикалық маңызы бар тасжолда болған еді. Жол апаты кезінде кезінде жеті көлік соқтығысқан.