СҚО-да қуғын-сүргін құрбандарына әлеуметтік көмек беріледі

Ақтоты Жапатова 29 мам. 2025 11:50

СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, облыс әкімдігінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 233 қаулысы негізінде 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жыл сайынғы негізде біржолғы әлеуметтік көмек төлеу көзделген, – деп хабарлайды Dalanews.kz

"Көмектің бұл түрі саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған адамдарға 15 АЕК мөлшерінде беріледі. Ал егер ата-анасымен бірге жазалау орындарында, жер аударуда немесе арнайы қоныстану орындарында болса, репрессия салдарынан ата-анасынан немесе олардың біреуінен айырылған болса және ата-анасы қуғын-сүргінге ұшыраған кезде кәмелет жасына жетпеген болса, оған 10 АЕК мөлшерінде төленеді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Әлеуметтік көмек тізім бойынша автоматты түрде төленеді. Яғни, көмек алушыларға өтініш жазу немесе құжат жинау қажет емес. Бұл тізімдерді уәкілетті ұйымдар немесе тиісті мекемелер ұсынған.

Биыл жалпы сомасы 84 млн теңгеге көмек көрсетілмек.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар