Freedom Inside '26

СҚО-да «Келешек мектептері» аясында екінші мектеп ашылды

СҚО-да «Келешек мектептері» аясында екінші мектеп ашылды
СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Петропавл қаласының Береке шағын ауданында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Жаңа мектеп заманауи талаптарға толық сай: STEM-зертханалар, робототехника, хореография кабинеттері, коворкинг аймақтары және спорт залдарымен жабдықталған. Оқу үдерісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері қолданылады.

«Заманауи мектептердің ашылуы – сапалы, қауіпсіз және қолжетімді білім беру саясатының нақты нәтижесі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді», – деді өңір басшысы.