ШҚО-да ер адам бірге тұрған әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады

ШҚО-да ер адам бірге тұрған әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады
Фото: magnific.com

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында 23 тамыз күні 31 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел алған дене жарақаттарының салдарынан көз жұмған. ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, жарақатты оған бірге тұрған ер адам салған. Оқиға кезінде күдікті мас күйде болған.

Тергеу деректеріне сәйкес, әйелге дене жарақатын келтіргеннен кейін ер адам өзіне қол жұмсаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.