СҚО-да әкімдік қызметкері сірке суын ішіп, көз жұмды

СҚО-да әкімдік қызметкері сірке суын ішіп, көз жұмды
Фото: ЖИ

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында әкімдікте қызмет еткен 62 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әйел 3 қарашада ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, арада екі апта өткен соң науқас көз жұмды. Оқиға орнынан сірке суының бөтелкесі табылған.

СҚО полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген полиция хабарламасында.