Премьер-министр Олжас Бектенов бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру кезінде отандық өнімді сатып алу басымдыққа ие болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Олжас Бектенов Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алулар кезінде отандық өнімге басымдық беруді тапсырды.
Үкімет жетекшісі қазақстандық өнімдердің баламалары бола тұра, импорттық тауарларды сатып алу мемлекеттің мүддесіне қайшы келетінін мәлімдеді.
"Қарапайым сөзбен айтатын болсақ, біз бюджеттен қаражат бөлсек, оны игеретін компания қазақстандық болуы керек, ол ақшаға сатып алынатын материалдар, тауарлар қазақстандық болуы керек. Болды. Оп-оңай қағидат. Оны бәріміз ұстануымыз керек. Ал Қазақстанда қандай да бір тауар өндірілетін болса, біз oны сатып алмай, импорттап алып келетін болсақ, ол - мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекет. Үкімет мүшелеріне және өңір басшыларына айтатыным, осыны ескеріңіздер", - деді Олжас Бектенов.