Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қызметтік көлігіне қатысты айтқан мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Tengrinews.tv.kz YouTube арнасына берген сұхбатында өңір басшысы қызметтік міндетін отандық өндірістегі Kia K9 көлігімен атқаратынын жеткізген.
“Бұл - қызметтік нөмірі бар көлік”, - дейді ол.
Алайда түсірілім кезінде кадр сыртында Lexus 570 маркалы жол талғамайтын көліктің тұрғаны байқалған. Бұл жайт желі қолданушыларының күмәнін тудырды.
