S&P агенттігі Freedom Holding Corp. компаниясының негізгі еншілес компанияларының рейтингін «тұрақтыдан» – «оңға» көтерді

Ақтоты Жапатова 26 мау. 2025 15:43

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі «Фридом Финанс» АҚ-тың, Freedom Finance Global PLC компаниясының, Freedom Finance Europe Ltd және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамдарды «тұрақты» болжамынан «оң» болжамына қайта қарап, тәуекелді басқару және комплаенс жүйесін күшейту аясында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерді «B+/B» деңгейінде растады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Ұлттық шкала бойынша «Фридом Финанс» АҚ-тың және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері «kzBBB-»-тен бастап «kzBBB+»-ке дейін көтерілді.  Freedom Holding Corp. компаниясының рейтингі «В-» деңгейінде расталды.

Рейтингтер бойынша «оң» болжам тәуекел мен комплаенстың жалпы жүйесін құрудағы, сондай-ақ осы функцияларды еншілес қаржы компаниялары деңгейінде нығайтудағы айтарлықтай ілгерілеуді көрсетеді.

Атап айтқанда, агенттік Холдингтің тәуекелді басқару саясатын, тәуекел дәрежесі туралы мәлімдемелерді, санкциялық тәуекелді басқару жөніндегі саясатты және осындай тәуекелді бағалау әдіснамасын бекітуін, сондай-ақ еншілес компаниялардың жергілікті саясатын бекітілген топтық құжаттармен синхрондау процесін атап өтті.

Агенттік талдаушыларының пікірінше, бұл санкцияларды сақтау, кибер-қауіпсіздік, беделді, реттеуші және криптовалюталық тәуекел сияқты салаларды қосқанда Топ деңгейіндегі тәуекелді мұқият қадағалауға және бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ агенттік Топтың капиталдандыру және кірістілік көрсеткіштерін күшті деп санауды жалғастыруда, бұл тәуекелді ескере отырып түзетілген капитал коэффициентімен (risk adjusted capital - RAC) шамамен 13% мөлшерінде және 2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 2,6% мөлшерінде негізгі қызметтен алынған орташа пайданың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерге арақатынасымен расталады.

Бүгінгі таңда Freedom Broker – бренді танымал және нарықтық үлесі шамамен 50%-ды құрайтын Қазақстандағы ең ірі бөлшек және институционалдық брокер. 2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның азаматтары топтың дүние жүзіндегі 683 000 бөлшек брокерлік клиентінің шамамен 30%-ын құрайды.

«Егер біз Топтың тәуекелді басқару және комплаенс жүйесі жетілуін жалғастырсақ, Топ өзінің бағалы қағаздар портфелі мен клиенттерінің өсімі үшін орташа тәуекел дәрежесін сақтайды, ал біздің RAC коэффициенті 10%-дан жоғары болып қалады және Топ өзінің табыстылығын қалпына келтіреді және S&P Global есебінде өзінің мақсатты өсу стратегиясын іске асыруды жалғастырады деп қорытынды жасасақ, біз алдағы 12 айда жұмыс істейтін еншілес компаниялардың рейтингтерін көтереміз», - делінген S&P Global Ratings есебінде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар