Сотқа тартылған Рүстем Жүгінісов айыппұлмен құтылып кетті

Көркем Алдабергенова 29 қыр. 2025 13:11

Әнші Рүстем Жүгінісовке 79 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әнші Рүстем Жүгінісовті Әкімшілік кодекстің 453-бабына сәйкес кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл салды.

Сотта екі дерек қаралды:

Жаңа жылға қатысты пікірі. 2023 жылғы 31 желтоқсанда Жүгінісов TikTok-та "Жаңа жылды тойлау керек пе?" деген сұрақ қойып, "пайғамбар да, ата-бабаларымыз да бұл мейрамды тойламағанын" айтқан.

Екіншісі - Ақтөбедегі мешіт оқиғасы. Әнші әлеуметтік желіде тараған видеоны талқылап, онда ер адам "бір реттік неке" ұсынған қызды айыптап, әйелдердің мешітке тек әкесі не бауырының еріп баруымен келуін жөн көретінін айтқан болатын.

Сараптама қорытындысы:

Мамандардың бағалауынша, мұндай пікірлер қоғамда діни алауыздық туғызуы мүмкін. Осыған байланысты сот Жүгінісовке әкімшілік жаза қолданды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар