Сот Екатерина Биволды әкімшілік жауапкершілікке тартты

Сағыныш Сардарова 29 қаң. 2026 16:55

Сот Екатерина Биволды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оған 60 сағат міндетті қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Бұл туралы Санкт-Петербург соттарының біріккен баспасөз қызметі хабарлады.

Лингвистикалық сараптама қорытындысына сәйкес Екатерина Биволдың айтқан сөздерінде қорлау, бейәдеп лексика, сондай-ақ, адамдардың бір тобының екінші бір топтан ұлттық және "генетикалық" белгісі бойынша "артықшылығын" меңзейтін тұжырымдар анықталған.

Сот осы деректі негізге ала отырып, әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығарды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ІІМ боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға іздеу жариялады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove