Соңғы қоңырау айыппұлмен аяқталды: Алматыда 21 түлектің ата-анасы жауапқа тартылды

Соңғы қоңырау айыппұлмен аяқталды: Алматыда 21 түлектің ата-анасы жауапқа тартылды
видео кадры

Алматыда соңғы қоңырау қарсаңында түлектер ұйымдастырған көлік кортежі тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, мұндай шараларды өткізуге тыйым салынғаны туралы тұрғындарға алдын ала бірнеше рет ескерту жасалған. Соған қарамастан бір топ түлек қала көшелерінде көлік колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы талаптарын бұзған.

Осылайша кәмелетке толмаған 21 жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылған.

Сонымен қатар, көлікті пайдалану ережелерін бұзу дерегі бойынша бес әкімшілік хаттама толтырылып, көліктер айыппұл тұрағына қойылған.

"Кейбір азаматтар заң талаптарын елемейді. Мерекедегі көңіл күй қоғамдық тәртіпті бұзуға және өзгенің қауіпсіздігіне қатер төндіруге себеп болмауы керек", – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.