2025 жылға қарай мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 ірі клиника салынады. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылады.
– Үкімет пен әкімдер бұл тапсырманы мүлтіксіз орындауға тиіс. Бүкіл әлемде пандемия қайта өршіп кетуі де мүмкін. Сол үшін, жұқпалы ауруларды емдейтін клиникалардың барлығын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруіміз керек, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.
2010 жылдар денсаулық сақтау саласында оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде инфекциялық ауруханалардағы төсек орын саны 1000 орынға кеміген екен. Енді осы олқылықтың орынын толтыру көзделінуде.
Коронавирус індетінің жақын уақытта жойылып кетпейтінін ескерсек, елімізде денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлу ісі кезек күттірмейтінін шаруа екенін байқауға болады. Алдағы уақытта Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарының санитарлық-медициналық біліктілігін көтеру бағытында жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа Мемлекет басшысы министрлік елдімекендер арасында жедел медициналық көмек көрсетудің дамыту барынша дамытуға қатысты нақты тапсырма берді.