Солтүстікте жұмысшы бидайға батып қайтыс болды

Асель Қайратқызы 20 қар. 2025 15:40

Солтүстік Қазақстан облысында элеватор қызметкері астық қоймасына құлап, бидайға батып қайтыс болды деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы жағдай 19 қараша кешке жақын болды. Кәсіпорынның қызметкері 30 метр биіктіктен астық қоймасына құлап түсті. Кәсіпорын қызметкерлері құтқарушыларды шақырған.

Әйел табылған кезде, қайтыс болғаны расталды. Жедел жәрдем қызметкерлері оның асфиксиядан қайтыс болғанын анықтады.

Бұл дерек облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде расталды.

“19 қараша күні СҚО, Ақжар ауданының бір ауыл шаруашылық кәсіпорын аумағында 34 жастағы жұмысшы әйел астық қоймасына құлап, қаза тапты. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізілуде”, — деп түсіндірді СҚО ПД.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар