Соғыстан оралған ресейлік әскерилердің қылмысы: мыңнан астам адам көз жұмған

Көркем Алдабергенова 10 жел. 2025 10:49

Ресейде Украинадағы соғысқа барып келген әскери қызметкерлер мыңнан аса адамға өлім немесе ауыр жарақат келтірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сотқа жеткен әр он істің тоғызы бойынша айыпталушының соғысқа қатысқаны «жеңілдететін жағдай» ретінде есептелген. Мұндай деректерді «Верстка» мен Die Welt бірлескен зерттеуінде келтірді.

Зерттеу қорытындысына сай, Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс бастаған сәттен бері майданнан оралған әскери адамдардың әрекетінен 551 адам көз жұмған. Оның 274-і – қасақана кісі қолынан қаза тапқан, ал 163-і – соққыға жығылу немесе жол апатынан алған жарақат салдарынан өлген. Қылмысқа барғандардың 142-сі бұрын сотталған, түрмеден соғысқа шақырылған адамдар.

Зерттеушілер қараған 700 сот үкімінің шамамен 90%-ында сот соғысқа қатысуды кінәліге жеңілдік беретін жайт ретінде қабылдаған. Әдетте кісі өлтіру мен өлімге әкеп соққан күш қолдану қылмыстары ішімдік ішіліп, тұрмыстық немесе жеке жанжал кезінде жасалған. Көп жағдайда мұндай оқиғалардың құрбандары әскери қызметкерлердің өз туыстары мен жақындары болып шыққан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар