СІМ Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандыққа байланысты мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 07 сәу. 2026 09:10

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлда курьер болып жұмыс істеген қазақстандықтың қаза табуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 наурыз күні Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Фатих ауданында болған.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын Түркия Республикасының құзырлы органдары анықтап жатыр. Ал Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы марқұмның жақындарына қажетті консулдық көмек көрсетуді қолға алды.

Министрлік бұл істің бақылауда екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Түркияның Ыстанбұл қаласында Қазақстан азаматы Ариф Исмаилов қаза тапқаны туралы жазған едік.

Мәліметке сәйкес, белгісіз адам ер адамға жақындап, басынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазақстандық алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.

Қылмыс сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Кейін полиция күдіктілерді ұстау бойынша жедел шаралар жүргізген. Нәтижесінде елден кетпек болған екі адам Түркияның Эдирне провинциясында, шекара маңында қолға түскен. Олар Грузия азаматтары екені анықталған.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ресми түсініктеме алу үшін сауал жолданды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove