СІМ Дубайдағы Fairmont The Palm пәтерлері туралы мәлімет жоқ екенін айтты

Самал Асқар 03 нау. 2026 20:04

Сыртқы істер министрлігі Дубайдағы Fairmont The Palm кешенінде қазақстандықтарға тиесілі пәтерлер туралы нақты ақпарат жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dala news.

Бұған дейін журналист Манас Қайыртай 2022 жылғы C4ADS ұйымының есебіне сілтеме жасап, аталған кешеннен қазақстандықтар шамамен 97 пәтер сатып алғанын хабарлаған еді.

Алайда Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бұл мәселеге қатысты азаматтардан ешқандай өтініш түспегенін айтты.

«Бізде бұл жылжымайтын мүліктің нақты кімге тиесілі екені туралы ақпарат жоқ. Жалпы Дубайда және Таяу Шығыста Қазақстан азаматтары тұрады. Бірақ кімнің қай үйде тұратыны жөнінде мәлімет бізде жоқ», — деді ол үкіметтегі брифингте.

Министрлік шетелдегі азаматтардың жеке мүлкі туралы деректерді жүйелі түрде жүргізбейтінін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove