Швейцариядағы тау шаңғысы курортында өрт шықты: қаза тапқандардың тұлғасын анықтау жалғасып жатыр

Dalanews 04 қаң. 2026 13:01

Вале кантонының полициясы қаза тапқандардың жеке басы анықталғанын хабарлады. Олар: жасы 16 мен 21 аралығындағы екі қыз бен екі жігіт. Барлығы да Швейцария азаматтары болған, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қайғылы оқиға Жаңа жыл мерекесін атап өтіп жатқанда болған. Қызыл жалын тұтанғанда жастар үреймен далаға ұмтылған. Алайда олар  үлкен кедергіге тап болған. Демалыс аймағындағы жөндеу жұмыстары кезінде жертөленің төбесіне пенопласттан жасалған акустикалық панельдер орнатылған. Дәл осы панельдер бенгаль отшашуларынан бірден тұтанып кеткен. Бар иесі әйелдің өзі де қолынан күйік алған. Оның күйеуі мекеме иелерінің тергеумен толықтай ынтымақтасып жатқанын, олардың жауап алынғанын мәлімдеген, - деп жазады швейцариялық 20 Minuten порталы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар