Жолаушы өліміне соқтырған апатқа қатысты көлік комитетінің төрағасы мен Қазақстан темір жолы президенті Шуға арнайы келіп, түсініктеме берді. Тіпті Ресейден арнайы мамандар алдыртып, апаттың себебін анықтауға кірісіп кеткен.
«Пойыздың жарамдылығы бәрі дұрыс. Машинист тежегішпен шұғыл тоқтатқан. Себебін комиссия айтады. Сараптама жүріп жатыр. Шетелден маман шақырдық»
– дейді ҚР инвестиция және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев.
Ал оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сол күні Бəйтеректі тізгіндеген машинист кеше келген маман емес екен. Бақандай 25 жыл пойыз жүргізген жəне сол күні жылдамдықты асырмадым деп отыр. Қазір одан тергеушілер жауап алып жатыр.
“Қазақстан темір жолы” басшылығы қажет болса, сол күні пойызға мінген, бірақ діттеген жеріне жете алмай қалған жолаушыларға ақысын қайтарып береміз деді.
Бірақ əзірге 800 жолаушының тек 76-сы билет ақысын қайтарып алыпты. Апаттың салдарынан талай адам жолынан қалды. Шу арқылы өтетін жолаушылар пойызы 4-5 сағатқа кешігіп жатыр. Қаза тапқан баланың отбасына 2 млн теңгеден астам жәрдемақы төленетін болды. Сондай-ақ зардап шеккендерге де материалдық көмек қарастылыпты.