– Акция барысында Tylek.kz сайтында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерден, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан, ата-әжелері қамқоршы және ата-аналары мүгедек балалардан 2944 тілек хаттар орналастырылып, орындалды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Шағын хаттарында шығысқазақстандықтар әр түрлі өтініштерін білдірді. Оның ішінде қуыршақтар, велосипед, коньки, шаңғы, киім-кешектер, оқу құралдары мен кеңсе тауарлары да бар. Облыстың жанашыр халқының арқасында балалар барлық қалаған сыйлықтарын алды. Ең белсенді демеушілер облыстық Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.