– 2023 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымын 584,3 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Болжамға сәйкес, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 653,1 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 10,7 мың гектарға артық. Мал шаруашылығында тірі салмақтағы ет өндіру көлемін 158 мың тонна, – деді Рамиль Сағандықов.
Ағымдағы жылы 2023 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытынан көктемгі дала жұмыстарына 20 мың тонна және мал азығын дайындауға 5 мың тонна арзандатылған дизель бөлінді. Бөлінген көлемдер облыс фермерлерінің қажеттілігін толығымен жабады.
– Сонымен қатар, биыл "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ШҚФ арқылы өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін 8 млрд теңге несие қаражатын, оның ішінде "Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 1 млрд теңге беру жоспарлануда, – деп толықтырды спикер.
Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-тің ірі инвестициялық жобаларын қаржыландыру бойынша тәжірибесін тираждау аясында сүт мал шаруашылығында сүт-тауар фермаларын салу және реконструкциялау бойынша 6 жобаны іске асыру жоспарланғанын атап өтті. Ол үшін ШҚО үшін республикалық бюджет қаражатынан 10 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Облыс бойынша жобаларды іске асыру кезінде сүт-тауар фермаларының сүт өндіру көлемі жылына 47,5 мың тоннаға ұлғаяды, бұл келесі жылы жергілікті сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 65% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
– 2023 жылдан бастап облыста "Ауыл аманаты" халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру жоспарлануда. 2023 жылға арналған бағдарлама шеңберінде ауыл халқына 1,5 млрд теңгеге кредит беру көзделген. Бағдарламаның негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан - жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу, – деп түсіндірді Р.Сағандықов.
Баспасөз мәслихатының соңында АШБ басшысының м.а. ағымдағы жылы 64 жұмыс орнын құрумен 57,1 млрд теңгеге 9 жобаны іске асыру жоспарланғанын айтты.