ШҚО-дағы «Одесса» паромы жұмысын бастады

Ақтоты Жапатова 28 мам. 2025 11:28

Шығыс Қазақстан облысындағы Васильевск өткеліндегі «Одесса» паромы өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Васильевск өткелі Самар мен Үлкен Нарын аудандарын жалғап тұр. Енді екі ортада «Одесса» паромы қатынайды. 

— Үлкен Нарын ауданынан паром сағат 7.00, 9.00, 11.00, 13.00, 15.00, 17.00, 19.00, 21.00-де шығады. Ал Самар ауданынан сағат 8.00, 10.00, 12.00, 14.00, 16.00, 20.00, 22.00-де жүреді, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Айта кетейік, «Одесса» паромы 450 тоннаға дейінгі жеңіл және жүк көліктерін тасымалдайды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар