ШҚО-да тарихи ғимараттарды сақтауға ерекше көңіл бөлінуде

Dalanews 18 жел. 2021 11:25 886

 Сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тарих және сәулет ескерткіштерін сақтау бойынша 5 жылдық "жол картасы" қабылданған болатын.

Тек 2021 жылы 9 ескі ғимаратты қалпына келтіруге республикалық және облыстық бюджеттен 263 млн теңге, сондай-ақ 74 млн теңге жеке инвестициялар қарастырылды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпаратына сәйкес шаһардың сол жақ жағалауында орналасқан Тыныбай  мешітінің қасбеттері мен, ішкі бөлмелерін, шатырын, көпес Мусиннің бұрынғы диірменін (бүгінде семей метиз зауыты), сорғы станциясы мен өрт сөндіру депосын, сондай-ақ бұрынғы синагоганы қазіргі спорт мектебін қалпына келтіру және жөндеу жоспарланған.

1895 жылдары салынған   облыстық тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан генерал-губернатор үйі, сондай-ақ Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық үй-мұражайыда аталған бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар атқарылмақ.

Сонымен қатар XIX ғасырдың сәулет ескерткіші, бүгінде Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайы ретінде белгілі көпес Степановтың үйіде,  шаһардағы 19-ғасырда бой көтерген бір мұнаралы мешітте жөнделіп, және қалпына келтірілмек.

Бүгінде қалалық әкімдік  көпес Сахноның қазіргі таңдағы  ("Бинар" қонақ үйі) бақылауға алып, аталған ғимаратты  меншік иесі қалпына келтіру жұмыстарын  жазда бастап кеткен болатын.

1918-1920 жылдары заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов тұрған академик Павлов көшесіндегі үйді жөндеу, сондай – ақ зооветеринарлық институт ретінде танымал бұрынғы әйелдер гимназиясының тарихи ғимаратының бір бөлігін қалпына келтіру жұмыстарыда жоспарда бар екен.


Сонымен қатар QR-кодтарды пайдалана отырып, қала ескерткіштерінің картасы әзірленіп, күзет тақталары жаңартылып, Семейдің тарихи сәулеті туралы альбом жақын арада жарық көрмек екен.

2019 жылдың сәуір айында Алаштың рухани астанасы Семей шаһарына арнайы келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында «Семейдің әрбір көшесі мен әрбір ғимараты тарихтың бір бөлігі бар.

Ескі қала ғимараттарының бастапқы келбетін сақтау өте маңызды міндет» деген еді. Мемлекет басшысының киелі мекен жайлы айтқан сөзінен кейін Семей қаласында тарихи ескерткіштерді айқындау бойынша  комиссия құрылып,  нәтижесінде 5 жылдық «жол картасы» негізінде тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау және қалпына келтіру бойынша бірқатар игі істер атқарылмақ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар