Ағымдағы жылдың 4 тамызы күні Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің жанындағы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт жоғарыда айтылған топ өкілдерімен бірге Өскемен қаласының сауда нысандарына рейд жүргізді.
Карантин режимін сақтау, санитарлық талаптарды орындау мақсатында ұйымдастырылған рейд кезінде «Дос-Нар», «Валентина» сауда орталықтары тексерілді. Нәтижесінде 3 адамға ескерту жасалды. Жобалық кеңсе жетекшісі М. Бахыттың сөзінше:
– Өңіріміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес аймақтарда карантин шаралары күшейтілген. Қаулыда көрсетілген санитарлық талаптарды кейбір азаматтарымыз орындап жатқан жоқ. Осы мақсатта Өскемен қаласында арнайы жұмыс тобы құрылған. Біздің мақсатымыз қаулының іс жүзінде жүзеге асуын қадағалау, – деді жобалық кеңсе жетекшісі.
Сонымен қатар, жобалық кеңсе жетекшісі М. Бахыт сауда орындарының қызметкерлері мен жауапты өкілдеріне санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл салынатынын ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.