ШҚО-да Pfizer вакцинасын жас өспірімдер мен аналар белсенді түрде алып жатыр

Dalanews 14 жел. 2021 08:23 775

Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәлімітінше Pfizer компаниясы өндірген «Комирнати» вакцинасын облыс бойынша 42 мыңнан астам адам қабылдағанын айтты. Екпе қабылдағандардың басым бөлігі 12 мен 18 жас аралығындағы жасөсіпірмдер құрап отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазіргі таңда Өскемен қаласында екпе салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы ретте өңірдегі медицина қызметкерлері жасөспірімдерге арналған вакцинаның қауіпсіз екеніне жұрттың көзін жеткізу үшін өз балаларының екпе алуына рұқсат беріп, облыс тұрғындарына үлгі көрсетіп отырғанын атап айтуға болады.

– Менің жасөсіпірмдерге арналған Pfizer вакцинасына ешқандай күмән-күдігім жоқ. Сол себепті қызымның осы екпені алуына рұқсатымды бердім, – дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Райфа Сафиоллинова. Осылайша бас дәрігердің 15 жасар қызы жұрттың алды болып вакцина қабылдап, өзі құрыптас балаларға үлгі көрсеткен.

– Мен дәргердің қызы болғандықтан денсаулығыма ешқақашан бей-жай қараған емеспін. Вакцина салып, айналама қауіп төндірмеудің дұрыс екенін түсіндім. Pfizer вакцинасы жайында ғаламтордан көптеген мәліметтерді оқып, оның қауіпсіз екеніне көз жеткіздім. Бүгінде менің достарым да Pfizer вакцинасын қабылдап жатыр, – деді Назерке Маратқызы.


Pfizer Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірінші болып мақұлдаған вакцина екені белгілі.

– Әрбір ата-ана баласының денсауылғын сақтауға міндетті. Осы ретте облысымыздағы дәрігерлер жұмыс барысында ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін бірінші болып вакцина қабылдады. Осылайша жұртқа үлгі көрсеттік. Біздің орталықтың білікті дәрігерлері вакцинаның адам өміріне қауіпсіз екені жайында көптеген жиындарда айтып, кеңінен түсіндіріп келеді. Қазіргі таңда халық та адам өмірін сақтауда вакцинаның орыны ерекше екенін түсінді, – дейді Райфа Сафиоллинова.

Сөз соңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша бала емізетін және аяғы ауыр үш мыңнан астам жас ана Pfizer вакцинасының алғашқы компенетін алғанын айта кетуіміз керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар