ШҚО-да өнеркәсіп орталықтары мен туристік орындарға апаратын барлық жолдар жөнделеді

Dalanews 03 қаз. 2024 10:26 1609

2025 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп орталықтары мен туристік нысандарға апаратын 400 шақырымға жуық жол қалпына келтіріледі,деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуінде көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы республика бойынша кемінде 10 мың шақырым жолды қамту үшін орташа жөндеу бағдарламасын кеңейтуді тапсырды. Барлық өңірлерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдар анықталды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында бұл Алтай, Шемонаиха, Серебрянск өнеркәсіп орталықтарына апаратын жолдар. Сондай-ақ Катонқарағайға, Марқакөлге және Рахман қайнарына апаратын жолдар, - деді көлік министрі Марат Қарабаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар