«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков Өскемен қаласының жастарымен кездесіп праймеризге қатысты сұрақтарға жауап берді.
– Праймериз жарияланғалы бір апта уақыт өтті. Осы аралықта облыс бойынша 707 адам праймеризге қатысуға өтінім білдірсе, 661 адам ресми түрде тіркеліп үміткер атанды. Бұл ретте өңір жастарының белсенділігі жоғары. Партияішілік іріктеуге 35 жасқа дейінгі 180 адам (25%) тіркеліп отыр. Өздеріңізге белгілі, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сайланбалы органдарында 35 жасқа дейінгі жастардың үлесін 20 пайызға арттыруды тапсырған болатын. Бұл партияішілік іріктеу праймеризде ескеріліп отыр. Осынау мүмкіндікті сіздер тиімді пайдаланып еліміздің игілігі үшін жұмыс істеулеріңіз қажет, – деді Олег Чугунков.
Праймеризге қатысуға ниет білдіргендердің 41,6% – әйелдер. Бастауыш партия ұйымдарынан 232 адам (32,7%) ұсынылған болса, қалған 429 адам (60,3%) – өзін-өзі ұсынушылар.
Сонымен қатар 11 көпбалалы ана мен 6 ерекше қажеттілігі бар адам ұсынылған. «Праймеризге тіркеу басталған күннен бастап қажетті құжаттарымды жинастырып, қаламыздағы партия филиалына барып өткіздім. Елімізде тұңғыш өткізіліп жатқан шараға қатысып бағымды сынамақпын. Бұл еліміздің жастары үшін үлкен мүмкіндік» дейді Өскемен қалалық Жастар орталығының басшысы Сырым Бектасұлы.