ШҚО-да балалардың қазақ тілін меңгеруі үшін тілдік орта жобасын жүзеге асыруда

Dalanews 16 мау. 2023 10:15 883

Шығыс Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие және білім беру 100% құрады. 2014-2021 жылдар аралығында 51 млрд теңгеге 78 нысан, оның ішінде Семей өңірі бойынша 23 млрд теңгеге 38 нысан салынды. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 98,3%-дан 100%-ға жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде орта білім беруді жаңартылған мазмұнға көшіру жүзеге асырылды. 2018 жылдан бастап әр мектепте  ауқымды аймақтық жоба – ІТ сыныптар ашылды.

Бұл сабақтарда жоғары деңгейлі Python тілінде бағдарламалау, ArduinoUno электронды платформалары негізінде автоматтандырылған құрылғыларды құру және үш өлшемді ортада модельдеу сияқты бөлімдерді қамтитын оқыту бағдарламасы жүзеге асырылады.

Оқушылар IT-форумдарда, чемпионаттарда, фестивальдерде IT  құзыреттіліктері бойынша алған білімдерін сәтті көрсетіп келеді.

Үздік жобалар облыс әкімінің гранттық қолдауына ие болуда. 25 IT стартап жобасына 28 млн теңгеге грант бөлінді, оның ішінде 2022 жылы – 10 жобаға 10 млн теңге.

Бүгінде облыста "Білімді маман" жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Жоба  аясында 2017 жылдан 2021 жылға дейін 1846 мектеп түлегі 3,3 млрд теңгеге білім гранттарын алды.

Нәтижесінде, жоғары білімнің қолжетімділігі 2014 жылдан бастап 47% -дан 64%-ға дейін ұлғайды және мектеп түлектерінің жақын шетелдегі жоғары оқу орындарына кетуі 6 есеге төмендеді.


2023 жылы ШҚО бойынша облыстық бюджеттен 270 білім беру грантын бөлу жоспарлануда. Тіл білімінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың орны ерекше, балабақшаларда қазақ тілін оқытудағы жаңа тәсілдер сынақтан өтті, жазғы маусымда мектептегі тілдік лагерлер ұйымдастырылады.

Республикада алғаш рет қазақ тілінің деңгейін одан әрі арттыру мақсатында Катонқарағай ауданының аумағында оқушылардың тілдік ортаға толық еніп, қазақ тілінде сөйлейтіндердің отбасыларында тұруы бойынша ауқымды жобаны іске асыру басталды.

Сонымен қатар, облыста дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінді. 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейін 32,5 млрд.теңгеге 20 спорт нысаны салынды, оның ішінде Семей өңірі бойынша - 30 млрд теңгеге 10 нысан, оның ішінде Семей қаласындағы көпфункционалды мәдени-спорт кешені бой көтерген болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар