Алдағы уақытта облыста барлығы 96 ауқымды акция, концерттер, челлендждер және оқу орындарында түрлі іс-шаралар өтеді.
2016 жылдан бастап жыл сайын 1 наурызда Қазақстан халқы Алғыс айту күнін ресми түрде атап өтеді.
– Бұл күнді атап өтуде қайырымдылық акцияларына ерекше рөл берілген. Облыста бұл шаралар "Қамқорлық", "Забота", "Қарттарды ардақтайық!", "Алғыс айту-парызым" ұрандарымен өтеді. Іс-шараларды жариялау кезінде облыстың дамуына үлес қосқан, түрлі салалар мен кәсіптерде жұмыс істейтін, азаматтық және еңбек ерліктерін (дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер, өрт сөндірушілер, еріктілер және т.б.) жасаған қазақстандықтардың бейнесін халыққа таныстыруға ерекше назар аударылады.
22 ақпаннан бастап әлеуметтік желілерде "Алғысымыз шексіз" және "Біздің Арамыздағы батырлар" челлендждері іске қосылды. Мерекені осындай форматта өткізу қазақстандықтарды еңбек құндылықтары, өзара көмек, азаматтық жауапкершілік негізінде шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл жүйелі шараларды іс жүзінде іске асырудың жағымды түріне айналады, – деп атап өтті Жанат Мекеева ханым.
Алғыс айту күнін мерекелеу көктемнің басталуымен, табиғаттың ояну уақытымен, жаңа жоспарлармен сәйкес келетінін атап өткен жөн .
– 1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының – елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауға бағытталған қоғамдық институттың құрылған күні. Құрметті облыс тұрғындары, сіздерді барлық іс-шаралардың белсенді қатысушылары болуға, жақын адамдарыңызға шын жүректен алғыс сөздерін айтуға және көктемді жақсы көңіл-күймен қарсы алуға шақырамын, – деп қосты Қоғамдық даму басқармасының басшысы.
https://dalanews.kz/news/86761-zangsyz-altyn-ongdeu-cekhy-anyqtaldy