ШҚО-да 600-ден астам адам емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланды

Dalanews 06 жел. 2023 07:56 969

Шығыс Қазақстанда жыл сайынғы емханаларға тіркеу науқаны аяқталды, ол 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Данияр Исеновтің айтуынша, өңір бойынша тіркеу науқанына 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары қатысты, оның ішінде 13 - қалалық жеткізушілер және 12 – аудандық медициналық ұйымдар.

– Өткізілген науқанның нәтижесі бойынша, өңірде тіркелген халық саны 734 499 адам болса, оның ішінде 600-ден астам адам тіркеу науқанының мүмкіндіктерін пайдаланды. Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын қызмет көрсеткен АМСК ұйымында тіркеуде болады, – деді Данияр Исенов ӨКҚ баспасөз конференциясында.


Сонымен қатар ағымдағы жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артты.

– Қор филиалы жұмысының басты бағыттарының бірі – бұл халықпен кері байланыс және пациенттердің құқықтарын қорғау. 1 қаңтардан 31 қыркүйекке дейінгі кезеңде Қор филиалына 741 шағым келіп түсті, барлық өтініштер қаралып, талқыланды, – деп толықтырды спикер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар